Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сауапты іс жалғасын тапты

Сауапты іс жалғасын тапты

Бұл нешінші көпір? Ауданда сауапты іс саналатын көпір салынды дегенде тұрғындардың қоятын сұрағы осы. Өйткені ауданда екі елді, қос тарапты жалғайтын көпір салу үрдіске айналған. Мұндай игі іске аудан жұртшылығы жұмыла атсалысып, бүгінде тұрғындар өтініші қанағаттандырылып келеді.
Жақында аудан әкімі Р.Рүстемов Тереңөзек кентінің бірқатар көшелерін аралап, тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған еді. Кенттің шеткі көшелеріне дейін аралап шыққан болатын. Соның ішінде А.Әлиакбаров және С.Усабаев көшесі тұрғындары аудан басшысына «Майжарма» каналына көпір салу бастамасы көтерілгенін, соның шешімін табуына ықпал етуін айтқан еді. Осы мәселені шешу үшін аудан әкімі көпір түсетін жерге өзі барып көрді. Сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, сауапты іске бір кісідей атсалысуға шақырды.
Бүгінде аталған көше тұрғындарының талап-тілегі орындалып отыр. «Майжарма» каналының пойыз жолға жақын тұсынан көпір салынып, тереңөзектіктер игілігін көруде. Көпір облысқа белгілі «Қыран» серіктестігінің демеушілігімен салынды. Оның ұзындығы 12 метр болса, ені 4 метрді құрайды.
Бұған дейін де аталмыш каналға көпір түскені белгілі. Б.Момышұлы көшесі тұрғындарының өтінішіне орай қатарынан қос көпір түсіп еді. Енді сол тізбекке осы көпір қосылып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарға тиімді болғаны сөзсіз.

– Ауданда біраз көпір салынғанын білеміз. Бұл сауапты іс. Осыған орай біз де осы маңға көпір салынса екен деген талап-тілегімізді айтқан едік. Сол тілегіміз орындалып, көпір түскеніне қуаныштымыз. Мұның бізге пайдасы көп. Шаруамызды бітіру үшін осы көпір арқылы орталыққа шығып, уақытымызды үнемдейміз. Енді бұрынғыдай айналып жүрмейміз.

А.Әкімжанов,
кент тұрғыны
– Қазір каналда су жоқ. Бірақ кешегі жаздың күндері біраз қиналатын едік. Енді оның ауылы алыстаған секілді. Көпір салынып, көптің тілегі орындалып отыр. Осындай іске ұйытқы болған азаматтарға айтар алғысымыз көп. Тұрғындардың өтініші аз ғана уақыт ішінде орындалғанына ризамыз.

Ә.Сүлейменов,
кент тұрғыны

Е.ЖАППАРБЕК
12 қазан 2019 ж. 475 0