Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани ізгілік – маңызды идеология

Рухани ізгілік – маңызды идеология

Тереңөзек кенті мәдениет үйінде "Жастардың діни сезімдерінің радикалдануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдары" тақырыбында ардагерлер, мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болды.

Кездесуге ҚР қоғамдық даму министрлігі жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтану магистрі Тұрар Әбуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Әбенұлы, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев қатысты.

Кездесуде дінтанушы Тұрар Түгелұлы дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту – жалпы жұртшылықтың, әсіресе жастардың теріс пиғылды ағымдардан берік қорғалған, психологиялық өңдеуге берілмейтін, қорғаныс қабілеті мен қарсы тұру иммунитеті мықты болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды идеологиялық құрал болып табылатынын айтты.
Рухани ізгілікті, жаңару заманына лайықты, өзін-өзі басқара алатын жан-жақты тұлға және ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанып, дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ болуға шақырды.

Б.ЖАНӘЛІ

27 қыркүйек 2019 ж. 773 0