Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жүз жыл жұптасқан ғұмыр (ғибрат)

Жүз жыл жұптасқан ғұмыр (ғибрат)

Мына фотода тұрған қария мен кейуана бір шаңырақ астында 100 жыл бірге ғұмыр кешіпті. Ақсақалдың аты – Ақбай да, анамыздың есімі – Камила екен. 1970 жылдардың аяғында қос қария шаңырақ көтергеніне бір ғасыр толуына орай кіндігінен тараған ұрпақ-жекжаттары Бай-өлке аймағының (Моңғолия) Делун дейтін ауылында үлкен той өткізіпті. Тойға куә болып, қос қария­ны көзімен көрген елдегі ресми үнпарақ «Үнэн» («Правда») газе­тінің аймақтағы тілшісі Сіләм Қабышұлы марқұм көр­ген-білгенін жазып, мақала жария­лапты. Бұл жазбаны орыс тілін­де шығатын «Новости Мон­голии» газеті көшіріп басып, кейін аталмыш мәтін «ТАСС» агенттігі арқылы күл­лі әлемге тарайды. Атап айт­қан­­да, еуропалық үлкен ақ­­па­­рат көздері «Ассошейтед пресс», «Юнайтед пресс», Жа­по­­­нияның «Цуцина», Қытай елі­нің «Циньхуа» агенттігі, со­нымен қатар мұхиттың арғы бетін­дегі «Нъю-Йорк таймс» газетінде де қос қария туралы мақала жарық көріпті. 

Ал мына фотодерек нор­ве­гиялық «Швенке-пресс» агент­ті­гінде жарияланған құжат. Мұнда норвег тілінде: «Суретте моң­ғолиялық шопан Ақбай мен оның әйелі қыркүйекте той жасады. Бұл әлемдік рекорд. Ақбай – 118, әйелі – 114 жаста. Олардың 100 жылдық отбасылық өмірінде тоғыз баласы және олардан тараған 130 немере-шөберелері бар. Бұлар ешқашан ауырмаған. Ақбай қария оның себебін таза ауа және ет тағамдарын жегендіктен деп түсіндіреді. Тойға 600 қонақ шақырылыпты» деп жазылған. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын танымал журналист-тарихшы Сіләм Қабышұлы ағамыздан жоғарыдағы оқиға жайлы сұрағанымызда:
– Мақала әлемді шарлап кеткен соң, бір күні АҚШ тілшісі хабарласты, мақсаты – жүз жыл жұптасқан қос қарияны көзімен көрмек екен, маған көмектесіңіз деп өтінді. Мен ертең жауабын айтамын деп құтылдым, – деген еді. 

Ертеңінде Сіләм ағаға елдің Сыртқы істер министрлігінен лауазымды қызметкер хабарласып, абай болуын ескертеді. Се­бебі, Бай-өлкеге келмек АҚШ тілшісі 1960 жылы КСРО бас­­шысы Никита Сергеевич Хрущев шетелдік журналистер­мен кездескенде оған оғаш сұрақ қойып, масқарасын шы­ға­ра жаздапты. Сол себепті оны жолатпау қажет, әрі ана тау­дағы шал-кемпірдің жайын біліп оларға да хабарлап қойыңыз деп ескертеді. 

Ақыры Сіләм аға амери­ка­лық журналистке сылтау айтып келтірмеудің амалын таба­ды да, сұмынның партия ко­митетінің бастығымен бірге қос қарияға барып жағдайын бі­леді. Осы сапарында журна­лист ағамыз қарияларға арнап кәмпит-сәмпит ала барған екен, әлгі тәттілерге екеуі жас балаша таласып қырылып қала жаздапты. «Адам қартайғанда бір бала» деген рас-ау, оны өз көзіммен көрдім деп жоғары­да­ғы оқиғаны еске алып Қа­быш­ұлы жарықтық бір күлді. 

Осы кездесуден кейін үш жыл өткен соң Ақбай қария 120 жасында дүниеден қайтыпты. Ақсақалдың жетісін беріп жат­қан күні, яғни араға бір апта са­лып 118 жастағы кемпірі де дү­ние­ден озыпты. Олардың 93 жа­сында «жетім» қалған үлкен қы­зы: «Жүз жиырма жасаған әкем-ай, 118-дегі анамды алып кеткені-ай, болмағанда он-жиырма күн, Бізбен бірге бол­мады-ау» деп дауыс айтқан екен, естіген жұрт «ойпырым-ай мына апамыз жастай жетім қалды-ау» деп күліпті.

Өмір жайлы бірер сөз

26 мамыр 2019 ж. 868 0