САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ АСТАНАСЫ БОЛҒАН ҚАЛА
Шірік-Рабат қалашығы – біздің ең киелі тарихи жерлеріміздің бірі, сақ заманынан бері келе жатқан құнды тарихи орын. Ежелгі дәуір жылнамаларынан Шірік-Рабат қаласы сақ тайпасы көсемдерінің резиденциясы болғаны белгілі.
Оның орналасқан жері де ерекше болған. Оңтүстік-батысын парсылар мекен етсе, батысында Ресей, ал оңтүстік-шығысында Қытай жұрты шекаралас болған, ең бастысы, ол Ұлы Жібек жолында тұрған қала.
Бұл ежелгі қаланың қазіргі орны Сырдария өзенінің саласы Жаңадарияның төменгі жағында, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан. Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев (бұрынғы Жаңақала кеңшары) ауылынан оңтүстік бағытқа қарай жүз шақырым жерде.
Нақтырақ айтқанда, Жаңадарияның ескі арнасынан сол жағаға қарай басқа төбелерде бөлектеу тұрған табиғи төбенің орны. Заманында қаланың қорғанысы мықты болған. Сол төбелердің төменгі тұсында арнайы қазылған ор бар. Оның қазіргі тереңдігі шамамен бес метрге жуық, ал ені қырық метрге жетеді. Ал топырақтан тұрғызылған қабырғаның қалған биіктігі үш метр, ені он метрге жетеқабыл.
Бұл қала сақ дәуірінен бастап, Парсы мен Хорезм мемлекеттерімен байланысу Жаңадария арқылы болғандықтан, шекарадағы бекініс ретінде танылған. Сол сияқты ХVІІІ-ХІХ ғ. патшалық Ресейдің елімізді отарлау кезінде Хиуа хандығы аралығында тірек бекеті қызметін атқарған.
Шірік-Рабат қаласының тарихы тереңде жатыр. Мәселен, ол алғашқы қоныстану кезеңінде тайпа көсемдері ғана ғұмыр кешіп, тек солар жерленетін орын болса, кейіннен жалпы халыққа ортақ мекенге айналған. Қаланың сол жағында сақ дәуірінен қалған ескерткіштер болса, оң жағында орта ғасырларда тұрғызылған үйлердің орындары қалған.Шірік-Рабаттың сыртқы саудамен жақсы айналысқаны туралы көптеген деректер бар. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттар оның анық айғағы болады. Күншығыс елдері мен батыс аймақты байланыстырған қала арқылы Жібек Жолының бір тармағы өтуі мүмкін. Парсы тілінде «шарех» сөзі бар, оның мағынасы «негізгі, дара жол» дегенге келеді. Соған қарап та, Шірік-Рабаттың көпшілік жүретін негізгі жолдың бойында орналасқанын байқау қиын емес.
Шірік-Рабат қалашығының негізі жоғарыда айтқанымыздай, сақ-массагет тайпаларымен қаланған. Сырдария өзенінің арналары (ескі тараулары) тартыла бастаған кезде адамдар осы жерді XIV ғасырда тастап кеткен деген дерек бар.
Ғалымдардың пікірінше, Шірік Рабат сақтардың астанасы болып, көне заманда оның стратегиялық маңызы зор болған. Ол жанданған керуенді жол бойында, Әмудария мен Сырдария өзендерінің сағасында орналасып, сақтар мемлекетінің оңтүстік шекарасын қорғап тұрғандай болған.
Сонау сақ заманынан бері келе жатқан Шірік Рабат қаласы XIII ғасырдың басында тіршілігін тоқтатты. Үш мың жыл, бәлкім одан да көбірек уақыт өмір сүрген байырғы қаланың не себепті тіршілігін тоқтатқаны әлі күнге белгісіз.