Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№40 Газет

30 мамыр 2026 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2026 ж.

№38 газет

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қалжан ахун, С. Сейфуллин, А. Тоқмағанбетов ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

Қалжан ахун, С. Сейфуллин, А. Тоқмағанбетов ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун, С. Сейфуллин, А. Тоқмағанбетов ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және сала басшылары қатысты.

Алдымен ауыл әкімдері елді мекендерде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Елді мекендердің инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді жаңғырту және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгінде Қалжан ахун ауылында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ал С. Сейфуллин ауылында орталық алаң абаттандырылды. А.Тоқмағанбетов ауылында бірқатар көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында аудан әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, бірқатар сауалдар қойылды. Аудан басшысы көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізіп, халықпен кері байланыстың әрдайым басты назарда болатынын атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2026 ж. 45 0