Күдікке ілінген Пикассо
1911 жылдың 21 тамызында Париждің ең басты мәдени қазынасы – Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасы Лувр музейінен қолды болады. Қызығы, бұл істегі басты күдікті – Пабло Пикассо.Оқиғадан сегіз күн өткен соң «Paris-Journal» газетіне Жозеф Жери Пире есімді адам сұхбат беріп, Пабло Пикассо мен оның досы, авангардист ақын Гийом Аполлинер Луврдан ұрланған ибериялық мүсіндерді иемденіп отыр деп мәлімдейді. Осы дерек Пикассоны «Мона Лиза ісі» бойынша басты күдіктілер қатарына енгізеді. Тек екі жылдан кейін, 1913 жылдың желтоқсанында, Италияның Флоренция қаласында әйгілі туындының қайда екені белгілі болады. Тергеу барысында картинаны Луврдың бұрынғы қызметкері Винченцо Перуджа ұрлағаны анықталып, Пикассо ақталады.
Фото: Ашық дереккөзден









