Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пикассо салған картинаның жұмбағы ашылды

Пикассо салған картинаның жұмбағы ашылды


Жаңа технологиялардың көмегімен Пабло Пикассоның "Нищенка, сидящая на корточках" атты туындысын 90 градусқа айналдырса өзге бір суретші салған таудың пейзажы көрінеді, - деп хабарлайды Science. Пикассоның бұл картинаны өзге бір суретшінің туындысының үстіне салғаны 1992 жылы анық болған, алайда тек қазір ғалымдар онда ненің бейнеленгенін анықтапты. Бастапқыда Барселонадан шыққан белгісіз суретші кенепке тауды салған. Кейін Пикассо оның үстіне "Нищенка, сидящая на корточках" атты туындысын салған. Ғалымдардың пайымынша, ол картинаны 90 градусқа айналдырып, таудың қыртысын әйелдің сұлбасы ретінде көрсеткен. Сондай-ақ, Пикассо әйелді нан ұстап отырған қалпында салған, бірақ кейін бұл элементті алып тастап, қолын киіміне жасырған.  
Бұл жаңалық "Пикассоның миына кіріп, жұмыс барысында қандай шешім жасағанын білуге болады" дейді Иллинойс (АҚШ) штатындағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымы Марк Уолтон.   "Ол осы элементті жасау үшін еңбектенген, алайда кейін оны алып тастауды ұйғарған", - дейді Уолтон әйелдің қолы неге көрсетілмегенін түсіндіре отырып. Ал бояудың қабаттарын ашуға ғалымдар рентгенфлуоресцент сараптамасын қолданған. Мұндай технология картинаның әр бөлігінде қандай химиялық элемент жатқанын, бояудың қабаттарын анықтап береді екен.
19 ақпан 2018 ж. 1 225 0