Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫ

СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫ


Ұлы Жібек жолы бойындағы саудасы мен қолөнер кәсібі қатар дамыған атақты қалалардың бірі – Сығанақ қалашығы. Қазақ халқының тарихында Сығанақ қалашығы ерекше орын алады. Себебі, бұл қыпшақ хандығының астанасы, одан соң Ақ орданың астанасы, көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың басқару ордаларының бірі атанған қала. Ал Қазақ хандығы құрылғанда Түркістан қаласымен қатар осы Сығанақ қаласы қазақ жерін басқару орталықтарының біріне айналды.
Бұл қала жөнінде тарихи деректер өте көп. Солардың алғашқысы Х ғасырда өмір сүрген араб географы Әл-Мукаддаси еңбегінде кездеседі. Ол Сығанақты Отырармен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Махмұт Қашқаридың ХІ ғасырда жазылған «Диуани лұғат ат түрік» атты үш томдық еңбегінде «Суғнақ оғыздардың қалаларының бірі» деп жазылған.
Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Қала тұрғындары суармалы егіншілікпен айналысқан. Сығанақ халқына ауыз су жер асты құбырлары арқылы Сырдария өзенінен келіп тұрған.
Әбілғазының жазбаларында: «Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналасқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты» деп жазылған.
Әбілғазы баһадүр деректерінде айтылғандай, Сығанақ қаласы Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханмен бес күн шайқасқан қалалардың бірі. Ол туралы халық арасында «Сығанақ апаты» деген атпен әлі күнге естелік әңгімелер сақталған. Бұл әңгіме желісі ортағасырлық жазбаларда да жолығады.
Әңгіме желісінде: Жошы хан Сығанақ шахарына келгенде Сығанақ халқы қамалға кіріп ұрысқа дайындалады. Сонда Жошы хан Хасан деген мұсылман қажыны салық алу үшін насихат жұмыстарымен шаһарға жібереді. Қамал ішіндегілер алым салық төлеп тұруға келіспей, Хасан қажыны өлтіреді. Бұл әрекетті естіген Жошы хан қаланы қоршауға бұйрық береді. Осылайша, Сығанақ қаласы Жошы хан қоршауынан соң отқа оранып, қала жеңіліске ұшырады. Ал Жошы хан болса одан әрі Сыр бойындағы Асанас, Жент қаласына жүріп кетті деп баяндалады.
Шаһар халқы ХІІ ғасырдан бастап ислам дінін қабылдаған кезеңде араб жазушылары өз еңбектерінде Сығанақ қаласының тұрғындары - қыпшақтар мен қаңлылар және оларды бір-бірінен ажыратып болмайтындығын жазды.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Ақ Орда ханы Орыс хан Сығанақта хан сарайын салдырады. Шайбани ханның жылнамашысы Фазлаллах ибн-Рузбихан Исфахани өзінің «Михман-наме Бухара» атты еңбегінде Дешті даласының атақты хандарының сүйектері Сығанақта жерленіп, қабірінің үстіне кесене тұрғызылғандығын анықтап жазған. Сонымен қатар, Сығанақтың гүлденген шағын өз көзімен көрген ол «Шаһарда күн сайын 500 түйенің еті қуырылып, кешке қарай одан түйір де қалмайды. ... Сығанақтың айналасы көкорай дала, тоғай болып келеді. Осы арада жабайы ешкі, жабайы қой және басқа да жануарлар өріп жүреді. Қала тұрғындары оларды жаз мезгілінде аулап, қысқа азық даярлайды. Құс еті бұл арада өте арзан» деп жазған болатын. Аса ірі сауда шаһарына айналған Сығанақта күніне 500 түйеге артылған тауарлар сатылатын кездер болған. Солардың арасында көшпелілер алып келетін ең жақсы садақтар мен жебелер үлкен сұранысқа ие болатын.
Сығанақтың көркі мен маңызына ерекше мән берген Фазлаллах ибн Рузбихан «Сығанақ Дешті тұрғындарының қажетіне қарай барлық жағдайлар жасалған нағыз орталығы болып саналады. Мауреннахр өңірлерінің және шығыстан Қашқар, Хорасанға дейінгі аймақтардың көпестері Сығанаққа жиылады» деп жазған. Рузбиханның бұл сөздері Сығанақ қаласы Дешті Қыпшақ хандығы кезінен бастап Қазақ хандығының кезінде дейін Орта Азия аралығында екі жақты байланыстырып отырған басты сауда орталығы болғанын дәлелдейді.
Тарихшы Зардыхан Қинаятұлының пікірінше, «Сығанақ» атауы түрікшеден аударғанда «қамал, қорған» деген мағына береді. Қала 982 жылы түзілген «Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары» атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен алғаш белгілі болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларды өмір сүрген Хиссамуддин әл-Сығанақидың «Болса Тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жұмар ем қиналмай" деген жыр жолдары Сығанақ қаласының сол дәуірде гүлденген, дамыған қала екендігін дәлелдеп тұрғандай.
Үзінді келтірілген жырда қаланың атақты екендігі, бұл жерден Дешті Қыпшаққа қарай жол болғандығы, одан қалаға қымбат бағалы бұйымдар келетіндігі, не келсе де алдымен осы қалаға келетіндігі жырланады. Ал, қаланың Түркістан қаласы мен Дешті Қыпшақ арасында орналасқан, шекаралық қала екендігі, тұрғындарының тыныштықта қауіпсіз бейбіт өмір сүріп жатқандығы суреттеледі. Қала ғұлама ғалымдар тұратын ғылым ордасы еді деп Хисамуддин армандайды. Сонымен бірге, ғалымның қалада мешіт-медреселер салдырып, діни ғылым-білімге таратқаны туралы да айтады.
Сығанақ қаласы туралы дерек қалдырған А.Ю.Якубовский еңбектерінде жазылғандай Сығанақ базарында Қытай мен Шығыс Түркістаннан, Еуропа мен Кіші Азиядан ірі сауда керуендері жүріп отырады.
Тарихшы Мойын ат-дин Натанзидың жазбаларында Ақ Орда хандарының бірі Ерзен Сығанақта көптеген әсем, зәулім ғимараттар салдырған. Археологтардың зерттеуінің нәтижесінде Сығанақтың теңге сарайында XIV ғасырда Ақ Орданы билеген Орыс хан мен Тоқтамыс хандардың есімдері бейнеленген теңге-ақшалар табылып отыр.
Сығанақ қалашығы одан соң Қазақ хандығының нығаюына қызмет жасады. Қасым хан тұсында қазақ халқының саны бір миллионға жетті деген деректің кездесуінің өзі қазақ хандығының Сығанақ секілді Сыр бойындағы қалаларды бағындыруымен байланыстырылады.
Қанша кезең өтсе де Сығанақ қаласы туралы тарихи деректер маңызын жойған емес. Сығанақ қаласын бүгінгі таңда археолог ғалымдар зерттеп, тарихын қайта саралап жатқандығын айта кетуіміз керек. Сығанақ қаласы қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі жерлердің бірі. Қазақ халқының ұлт болып сақталуында қанша қала жойылып, қанша қалалар гүлденді. Сондықтанда бұл қаланы қазақ халқы әрдайым жадынан шығарған емес.

Еркебұлан ЕЛЕУОВ,
Қызылорда облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау
мекемесінің ғылыми қызметкері

20 маусым 2018 ж. 2 670 1

Гость JeaOrer от 5 ақпан 2019 04:28
Dapoxetina Generico Italia Propecia Configuracion Liquid Zithromax viagra Priligy Forum 2013 Kamagra Aus Der Apotheke Is Viamedic Legitimate Www Canadian Pharcharmy Online Farmacias Online Sin Receta buy viagra online Buy Antabuse Want To Buy Isotretinoin Free Doctor Consultation Cod Only Bentyl Direct Us Amitriptyline 50 Mg For Sale cialis Cialis 20 En Madrid Usa viagra Is Requip 1 Safe To Use Comprare Torri Kamagra Amoxicillin Liver Damage Reversible Kamagra Jelly 100mg Harbour viagra online pharmacy Order Now Bentyl 20mg Best Website Internet Zithromax Over The Counter Wie Bekomme Ich Viagra Ohne Rezept quel est le prix du cialis Viagra In Svizzera Viagra Over The Counter Levitra Contraindicaciones