Ұлт тарихы – ел болашағы

Қанымыздың бастау алуы Сақ тайпасына тікелей байланысты. Оған Есік қаласынан табылған "Алтын адам" айғақ. Бертін Түркі қағанаты атанып, талайды уысымызда ұстап, әйгілі қағанат атандық. 1465 жылы Керей мен Жәнібектің қарымды бастамасымен біртұтас ұлт болдық. Қасым, Хақназар, Тәуке, Жәңгір, Абылай мен Кенесары сынды Керей мен Жәнібектің ізбасарлары талаймен шайқасып, Жаугершілік заманды артқа тастады. Бастан өткен трагедияларымыз осымен тәмамдана қоймағаны өкінішті. Қыспаққа алған Ресей Империясы ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін жаншып, халқымызды жаппай мәңгүртизмде, уысында ұстады. Тоталитаризмге қарсы шыққан ұлт зиялыларымыз қаза тауып, геноцидтің салдарынан миллиондаған адамдар аштықтан көз жұмды. Тәуелсіздікке жету мақсатында жастарымыз көтеріліске шығып, талайлар жастайынан қыршыннан кетті. Осындай қиындықтар мен шытырманды артқа тастап, бейбітшілікке қадам бастық.
Еліміздің тарихы жөнінде сөз жазсам томдап жазар ма едім. Бір шығармада Қазақтың тарихын нақышына келтіру қолымнан келмесі анық. Ұлтымыздың тарихын келесі ұрпаққа қалдыру, ата-бабаларымыз ақын жазушылар мен батырларымызды ұлықтау баршамызға парыз екенін ұмытпағанымыз абзал. Сөзімді Ұлы философ, ғалым Әл Фарабидің айтқанымен тәмамдасам деймін. "Өзінің тарихын білмеген ұлттың болашағы жоқ".
Мадияр БАҚЫТБЕК,
Қорқыт ата атындағы университеттің журналистика факультетінің 1-курс студенті
Қорқыт ата атындағы университеттің журналистика факультетінің 1-курс студенті