Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды

Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды

- 2005-2006 жылдары дүниеге келген қызылордалық волейболшылар жасөспірімдер арасындағы қысқы ел біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы чемпионат Павлодар қаласында өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. Аталмыш жарыс барысында Сыр өңірінің волейболшылары жоғары деңгейде ойын көрсете білді.

Қызылордалық өрендер былтыр да жазғы және күзгі ел біріншіліктерінде жеңімпаз атанған еді. Осылайша, олар қатарынан үш мәрте чемпиондық тұғырға көтеріліп отыр.

Сондай-ақ қызылордалық волейболшы Бекнұр Сайрамбек жарыстың үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, көктемгі ел біріншілігі Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында жалауын көтереді.   

16 қаңтар 2019 ж. 1 057 0