Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1/8 финалда әлемнің 9-ракеткасы саналатын Рыбакина Чехия теннисшісі, 17-орында тұрған Линда Носковамен кездесті. Ойын екі сетте аяқталып, Елена 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Линда Носкова – 2021 жылы "Ролан Гаррос" турнирінің жасөспірімдер арасындағы жеңімпаз.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің қазіргі 1-ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Бұған дейін, 1/16 финалда Елена Румыниялық Жаклин Кристианды 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Фото: Елена Рыбакина Instagram парақшасынан

09 қазан 2025 ж. 201 0