Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open) финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффты жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылып, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Енді спортшы турнирдің шешуші кездесуінде Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Соболенко жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, финалға шықты.

Рыбакина US Open-ның жартылай финалына шыққаннан кейін WTA рейтингінің live-нұсқасында Арина Соболенконы басып озды. Осылайша 14 қыркүйектен бастап Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер теннисінен әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

27 жастағы Рыбакинаның қоржынында қазірдің өзінде «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің жеңісі бар. Сонымен қатар ол WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанып, әлемдік рейтингте көш бастауға мүмкіндік алды.

US Open биыл 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жарыстың жүлде қоры 49 миллион долларға жуық.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.

Сурет: ашық дереккөз
11 қыркүйек 2026 ж. 336 0