Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 30-туры аясында өткен «Сочи» және «Ахмат» матчында ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы негізгі құрамда алаңға шығып, тек 90+1 минутта алмастырылды.

Осылайша 2025/26 маусым қорытындысы бойынша «Ахмат» клубы 37 ұпай жинап, Ресей чемпионатын 9-орында аяқтап отыр.

Еске сала кетсек, Максим Самородов 2024 жылдың тамыз айында «Ақтөбе» клубынан «Ахмат» командасына ауысып, содан бері команда көшбасшыларының біріне айналды. Отандасымыз маусым барысында 34 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.


Айта кетейік, грозныйлық клуб сапында тағы бір Қазақстанның ойыншысы – Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді. Ол бұған дейінгі «Динамо Махачкала» матчында (1:1) клуб сапындағы алғашқы голын соққан болатын.

Ал жақында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Стас Покатилов Әзербайжан кубогінің иегері атанғанын жазған едік. 

Фото: Instagram
18 мамыр 2026 ж. 107 0