Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гандбол: Қызылордалық Нұрдана Қырғызбай Азия чемпионатының үздік ойыншысы атанды

Гандбол: Қызылордалық Нұрдана Қырғызбай Азия чемпионатының үздік ойыншысы атанды

18-26 шілде аралығында Қытайдың Цзинганшань қаласында гандболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында XI Азия чемпионаты басталды.

Топтық кезеңнің бірінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Тайпей құрамасымен кездесіп, жарыс қорытындысы бойынша есеп 24-31 болып, ұлттық құрама өкілдері келесі кезеңге жолдама алды. Жарыс барысында 15 ұпай еншілеген спортшымыз Нұрдана Қырғызбай “Үздік ойыншы” атанды.

Сонымен қатар топтық кезеңде ұлттық құрама ойыншылары Қытай елінің қомандасымен кездесіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Бұл кездесуде де спортшымыз Нұрдана Қырғызбай қарсылас командаға 13 гол салды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Қызылорда облысының бес спортшысы қатысуда. Олар: Қызжібек Ғалым, Нұрдана Қырғызбай, Балғын Абибулла, Бану Көпжан, Айым Мұңайтпас.

Ендігі кезекте ұлттық құрама өкілдері 21-ші шілде күні Ганконг құрамасымен жарыс алаңына шығады. Азия чемпионатында үздік атанған бес командаға 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына жолдама беріледі.

Жаттықтырушы: Облыстың жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Құнанбай Салыбеков

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
21 шілде 2025 ж. 40 0