Қазақстанда алғаш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпонаты өтеді
Қазақстан тарихында алғаш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.World Athletics кеңесінің 240-отырысының қорытындысы бойынша, 2030 жылғы дода Астана қаласында ұйымдастырылатын болды. Жарыс 15–17 наурыз аралығында өтпек.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов бұл шешімді отандық спорт үшін маңызды жетістік ретінде бағалады.
Фото:Спортты дамыту дирекциясы










