Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордалық балуандар ел кубогында топ жарды

Қызылордалық балуандар ел кубогында топ жарды

Сыр спортында қуанышты жаңалық!

Түркістан төрінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы бүгін өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде Сыр елінің балуандары тамаша нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 2 қола медаль иеленді. Бұл аймақ спортындағы тарихи көрсеткіш!

Сонымен қатар, аралас командалық жарыста балуандарымыз қарсыластарын 4:2 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қызылорда облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды!

Айта кетейік, Сыр өңірінің тарихында аты аңызға айналған білегі мықты балуандар көп шыққан, ұлттық спорттың тамыры тереңге жайылған киелі аймақ. Бүгін жеңіске жеткен балуандарымыз – сол мықтылардың ізін лайықты жалғап келе жатқан өрендер.

Жаттықтырушы: Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеев.

30 наурыз 2026 ж. 185 0