ЖЕРЛЕСІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Ирландияның Дублин қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлем чемпионатына жерлесіміз Мақшат Мейіржан қатысып жүлдемен оралды. 23 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында Мақшат Мейіржан жүгіруден 800 м қашықтықтан чемпион атанса, сонымен бірге 200 м қашықтықтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Осы кезеңге дейінде Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан Халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған болатын.
Пікір 1