Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы атанды

Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы атанды

Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко, бразилиялық FURIA командасының ойыншысы, HLTV нұсқасы бойынша CS2-де жылдың үздік жаңа ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл марапат HLTV Awards рәсімінде табысталды. Бұл – CS2 бойынша өткен жылдың үздіктері анықталатын жыл сайынғы сыйлық беру кеші.

FURIA командасының жас жұлдызы Данил molodoy Голубенко сенбі күні Белградта өткен салтанатты шарада "Жылдың үздік жаңа ойыншысы" атағын жеңіп алды. Қазақстандық снайпер бұл номинацияда Falcons командасынан Максим kyousuke Лукинді және Natus Vincere сапындағы Дрин makazze Шакириді артта қалдырды.
Голубенко сахнаға қазақтың ұлттық шапанын киіп шығып, залда отырған өзге командалардың ойыншыларынан зор қошеметке ие болды.
“Бүгін менің туған күнім. Сенім артқандарыңызға рахмет. Маған барлық жағынан қолдау көрсетіп жүрген FURIA командасына алғыс айтамын. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Мен CS-ті жақсы көремін. Алға, Қазақстан!”, –  деді ол.


Фото: instagram.com/hltvorg
11 қаңтар 2026 ж. 125 0