Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды

Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, рейтингте бірінші орында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) тұр.
Жуырда допинг дауына іліккен боксшы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ үздік үштікте Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) бар.

Ал үздік ондыққа мына боксшылар енген:
  • Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО);
  • Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО);
  • Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО);
  • Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО):
  • Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 КО);
  • Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 КО);
  • Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін The Ring беделді басылымы допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлын орта салмақ дәрежесі бойынша рейтингтен шығарып, жаңартылған тізімді жариялаған еді.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle
03 қаңтар 2026 ж. 91 0