Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Давид Дегтярев қалай үш дүркін әлем чемпионы болды

Давид Дегтярев қалай үш дүркін әлем чемпионы болды

Қазақстандық паралимпиадашы Давид Дегтярев жарқын жеңіске жетті. KAZINFORM

Бұған дейін Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионаттарында екі алтын медаль иеленгенін хабарлаған едік.

Ол алғашқы әлемдік жүлдені 2021 жылы Тбилисиде жеңіп алса, екіншісін кеше, 2025 жылғы 14 қазанда Мысырда алды. Алайда Қазақстан уақытымен кешкі 18:00-ден кейін Дегтяревке тағы бір алтын медаль табысталғаны белгілі болды.

Әлем чемпионатында марапаттар тек ең үздік әрекет үшін емес, жалпы үш мүмкіндіктегі еңсерген салмақ жиынтығы үшін де беріледі. Осылайша, Дегтярев 2025 жылғы әлем чемпионатында өз салмақ дәрежесінде күннің ең үздік нәтижесі үшін (191 келі) бір алтын медаль, ал үш мүмкіндік жиынтығы – 567 келі нәтижесі үшін екінші алтын медаль иеленді.

Осылайша, Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Бұған қоса, ол бұл көрсеткішімен Азия рекордын жаңартты.

– Бүгін парапауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атандым. Бүгін өте мықты қарсыластар тап болды. Менің санатыма Сальвадордан жаңа спортшы қосылды, өте лайық қарсылас. Жарыс қызық өтті, бәріміз бір деңгейде болдық. Жеңіс бүгін маған бұйырды, өте бақыттымын. Бапкерлеріме, достарыма шексіз алғысымды айтамын, - деді Дегтярев.

Айта кетейік, Давид Дегтярев – Паралимпиада ойындарының да екі дүркін чемпионы.

2025 жылғы парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында Дегтяревпен қоса, қазақстандық спортшылар да жоғары нәтиже көрсетті. 50 келіге дейінгі салмақта Фариза Төлжан 298 келі нәтижемен әлем чемпионы атанды. 73 келігі дейінгі салмақта Раушан Қойшыбаева 330 келіні еңсеріп, алтын және ардагерлер арасында алтын мен күміс медаль иеленді. Ал 88 келіге дейінгі салмақта Рахметжан Хамаев 592 келі нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Паралимпиадалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты Мысырда өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының намысын бұл сында 17 спортшы қорғап жатыр.

https://kaz.inform.kz/news/david-degtyarev-kalay-ush-durkn-alem-chempioni-atandi-8da3bc/

15 қазан 2025 ж. 40 0