Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты


Қазақстанның параволейболдан ерлер құрама командасы Азия чемпионатында Ирак спортшыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды 
Egemen.kz.

«Біз параволейболдан Азия чемпионатына тыңғылықты дайындықпен келдік. Жарыстың алғашқы күнінде жапондық спортшыларды 3:0 есебімен жеңдік. Ирак құрамасымен кездесіп, алға шықтық. Енді Қытай спортшыларымен ойнаймыз. Қарсыластарымыз осал емес, ойын тартысты өткелі тұр. Біздің басты мақсатымыз – Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу», деді ұлттық құрама ойыншысы Эрик Каскабаев.

Айта кетсек, чемпионаттың жартылай финалы бүгін сағат 15.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. 

Айта кетсек, волейболды отырып ойнаудан (параволейбол) Азия чемпионаты 3-8 шілде аралығында алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Азияның 8 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Чемпионат квалификациялық турнир болып саналады. Жарыстың жеңімпаздары Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алады. 
06 шілде 2023 ж. 485 0