Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Тарихи жеңіс: Дінмұхамед Райымқұлов фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

Тарихи жеңіс: Дінмұхамед Райымқұлов фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы 97.11 ұпай жинап, үшінші аралық нәтижемен финалдық алтылыққа өтті. Дәл осындай ұпайды іріктеу кезеңінде канадалық Эллиот Бюрегар да жинаған болатын. Ал іріктеуден кейінгі көшбасшы Қытай спортшысы Юйхэн Ян болды – 101.79 ұпай.

Финалдық орындауында Дінмұхаммед 104.52 ұпай жинап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болды.

Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

10 қаңтар 2025 ж. 265 0