Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әмір Омарханов АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

Әмір Омарханов АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннисшісі ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.

«Отандасымыз бен Ресей спортшысы финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп: 3:6, 6:1, 10:1», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

17 желтоқсан 2024 ж. 212 0