Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жәнібек Әлімханұлы Сиднейдегі бокс кешінде Андрей Михайловичтен басым түсті

Жәнібек Әлімханұлы Сиднейдегі бокс кешінде Андрей Михайловичтен басым түсті

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Kaz.inform.kz.

12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытты. Бірінші раундта Андрей Михайловичті нокдаунға түсірді. Ал, тоғызыншы раундта Әлімханұлының ауыр соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Жәнібек қарсыласын Сиднейде сан соқтырып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

«Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апта салып араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», - деп жазды Әлімханұлы.

Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.

Фото: No Limit Boxing
04 қазан 2024 ж. 230 1

Francesco от 10 маусым 2025 09:45
Nicely put, Regards! casino en ligne With thanks! Useful information. casino en ligne francais Nicely put, Cheers! casino en ligne francais Cheers, Numerous stuff! casino en ligne Nicely put, Regards! casino en ligne Nicely put. Appreciate it! casino en ligne This is nicely expressed. . meilleur casino en ligne Thank you. Lots of write ups. casino en ligne France Whoa many of good material! casino en ligne francais Thanks a lot, An abundance of material! meilleur casino en ligne