Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Бүгін, 29 қыркүйекте футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, – деп жазады Aikyn.kz.

Кездесу сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биыл Қазақстан кубогының алдын ала іріктеу кезеңі 1-19 наурыз аралығында өтсе, 21-23 наурызда командалар алдын ала іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында шеберлік байқасты.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрады.

Одан ширек финал ойындары болды.

Бүгінге дейін «Қайрат» 9 рет кубокты төбесіне көтерді.

Ал «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» – 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) – 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) 1 реттен кубок иегері атанды.

Фото: Ашық дереккөзден
29 қыркүйек 2024 ж. 294 0