Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында сағат 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кездесуде былтыр ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері болған шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.

Бұған дейін суперкубокқа барлығы алты команда қол жеткізді. Олардың қатарында «Астана» - 5, «Ақтөбе» - 3, «Қайрат» пен «Тобыл» - 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» - 1 мәртеден еншіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды.
25 ақпан 2023 ж. 278 0