Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бүгін футболдан Қазақстан кубогының төртінші туры басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының төртінші туры басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төртінші тур ойындары 29, 30, 31 шілде күндеріне белгіленген.

Бүгін А тобында 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) және «Атырау» командалары кездессе, 21:00-де В тобында «Қайсар» (Қызылорда) және «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.

Ертең, 30 шілдеде 19:00-де D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 31 шілдеде 18:00-де В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақжайық» (Орал), 19:00-де D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), 21:00-де А тобында «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Қайрат» (Алматы), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) ойындары басталады.

Еске салсақ, Қазақстан кубогының топтық кезеңі 8 шілдеде жалауын көтерді. Ол 15 тамызда мәресіне жетеді.

Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген.

Оның 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.
29 шілде 2022 ж. 73 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам