Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі жалауын басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы тур ойындары 8, 9, 10 шілде күндері өткізіледі. Ал екінші тур 15, 16, 17 шілдеге белгіленген.

Бүгін 8 шілдеде «Ақсу» мен «Атырау», «Қайсар» мен «Ақжайық», «Шахтер» мен «Тұран», «Жетісу» мен «Астана» командалары кездеседі.

Ал 9 шілдеде «Қайрат» пен «Ордабасы», «Тараз» бен «Тобыл», «Мақтарал» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Қазақстан кубогының алғашқы турын 10 шілдеде «Каспий» мен «Қызылжар» командалары түйіндейді.

Сондай-ақ командалар үшінші тур ойындарын 22, 23, 24, төртінші турды 29, 30, 31 шілде күндері өткізсе, бесінші тур 5, 6, 7 тамызға есептелген.

Алтыншы тур 13, 14, 15 тамызда ойналады.

Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген.

Оның 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: «Ақсу», «Атырау», «Қайрат», «Ордабасы»

В тобы: «Қайсар», «Ақжайық», «Каспий», «Қызылжар»

С тобы: «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Тараз», «Тобыл»

D тобы: «Шахтер», «Тұран», «Жетісу», «Астана».

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты негізгі сатысының жеребесі тартылған еді.
08 шілде 2022 ж. 458 0