Бокстан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге аттанды
26-31 тамыз аралығында Ресейдің Чита қаласында «Еуразия кубогі» халықаралық турнирі жалауын түреді. Былғары қолғап шеберлері бақ сынайтын бәсекеге еліміздің жастар құрамасы да қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Осы турнирде Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Армения, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Венесуэла, Куба, Беларусь, Тәжікстан, Корея және тағы басқа елдерден боксшылар жүлдеге таласады.
Жақында ғана ерлер құрамасының тізгінін ұстаған бас бапкер Қайрат Сәтжанов Читаға арнайы барып, спортшылардың бабын бақылады.
Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Алексей Хаванцев бастаған команда осы жерде екі апталық бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.
«Еуразия кубогі» халықаралық турнирі қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып саналады.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы