Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары жарияланды

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары жарияланды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының Финляндияда өтетін әлем чемпионатына дайындық жоспары жарияланды, деп жазды syrboyi.kz.

Айта кетейік, 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында топ-дивизиондағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан құрамасы А тобында Дания, Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Италия және Франциямен шеберлік байқасады. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.

Ұлттық құрама елордадағы «Барыс-Аренада» оқу-жаттығу жиындарын 17 сәуірден бастады. Енді 3 мамырда ел құрамасы 29 хоккейшіден тұратын кеңейтілген құрамда Ригаға аттанып, онда әлемдік біріншілігіне дайындығын жалғастырады.

Ал 8 және 9 мамырда Латвиямен жолдастық кездесу өткізіп, 10 мамырда Финляндия астанасы Хельсинкиге жетеді. Дүбірлі додадағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.
17 сәуір 2022 ж. 384 0