Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерилерден 9 спортшы Олимпиада ойындарына барады

Әскерилерден 9 спортшы Олимпиада ойындарына барады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс ведомствосы өкілдері, АОСК СК басшылығы, бокстан Олимпия ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, қазақ күресінен «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Армия орталық спорт клубы әскери жұмыс пен халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауды қатар жолға қойғанын атап өтті.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер арасынан 9 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған. Олар: боксшылар – Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, таэквондошылар – Сомирхон Абабакиров, Батырхан Тілеуғали, қазіргі бессайыс өкілі Елена Потопенко, нысана көздеуден Ислам Сәтбаев, грек-рим балуандары – Айдос Сұлтанғали, Әлімхан Сыздықов және спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов.

«Әскери спортшылардың негізгі жетістіктерінің кілті – дәстүрді сақтай отырып, әрқашан өз-өзін дамытып жүрген жаттықтырушылар құрамының еңбегі, кәсібиліктеріңіздің арқасында көптеген спортшымыз көшбасшыға айналып, көпке үлгі болып жүр. Сонымен қатар сіздердің спортқа деген адалдық пен жеңіске деген ұмтылысыңыз спортшыларды шабыттандырып, армия қабырғасында қалыптасқан рухани күш пен мінездің беріктігі жеңіске жету жолындағы кез келген кедергіні еңсеруге мүмкіндік береді», деді Ермек Маржықпаев.

Іс-шара барысында АОСК СК спортшысы Сәкен Бибосынов пен жаттықтырушы Асан Мәмбетқұловқа лейтенат шені табыс етілді.

Фото: Turizm jane sport ministrligi

10 мамыр 2024 ж. 66 0