Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстанның велошабандоздары тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ерлер арасында «элита» қатарында Рамис Дінмұхаметов көзге түсті. Ол топтық жарыста топ жарып, команда қоржынына қола медаль салды. Жасөспірімдер арасында Ердәулет Егізбай «скретч» бойынша ең жоғары медальді жеңіп алды және жасөспірімдер арасында Диана Косолапова кейриннен үшінші орын алды.

Жалпы, қазір команда қоржынында алты медаль бар: бір алтын, бір күміс және төрт қола», деп хабарлады Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін велоспорттан Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды.

Фото: Ашық дереккөзден

23 ақпан 2024 ж. 331 0