Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия Параойындары-2018: Қоржынымызда 23 медаль бар

Азия Параойындары-2018: Қоржынымызда 23 медаль бар


10 қазандағы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 8 медаль түсті. Олардың біреуі алтын, 4-еуі күміс және 3 қола медаль, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрсенбінің қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 23 медальмен 13 орынға ығысты. Сейсенбі күні 12 орынға тұрақтаған болатын. Әзірге Қазақстан қоржынында 23 медаль: 4 алтын, 10 күміс, 9 қола бар.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі
Кеше Ержан Сәлімгереев тағы алтын медаль алды. Ол 50 м қашықтықта еркін стильмен жүзіп, тұғырдан көрінді. Дәл осы дисциплинада, тек 200 м қашықтықта Зүлфия Ғабидулина қола жүлдегер болды. 100 м браспен Сергей Кинах күміс медаль алды. Дәл осы дистанцияда, бірақ басқа класта Әнуар Ахметов күміс алып, жеке рекорд орнатты. 50 м еркін стильде Сергей Кинах пен Дмитрий Ли тағы да жақсы нәтиже көрсетті, елімізге күміс және қола медальдарды сыйлады.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі
Жеңіл атлет Равиль Мансұрбаев ядро лақтырудан 14,66 м көрсеткішпен күміс медаль алды. Басқа класта ядро лақтырудан Иван Залезняк 11,69 м нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Бүгін Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Макао және Қытай спортшыларымен ойнайды. Егер Макаоны жеңсе, онда теннисшілер жүлдеге үміткер бола алады.
Рахиля Бекназарқызы
11 қазан 2018 ж. 1 115 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 05:04
Secure ordering isotretinoin isotrex tab viagra online pharmacy Aumoxtine500 No Description Needed Ciallis To Purchase

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 02:53
Amoxicillin And Clindamycin Buy Prescriptions Online Review Cialis Bestellen Deutschland buy cialis online Homoopathie Levitra