Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Канвон-2024: Қазақстандық атлеттер Олимпиадаға қашан аттанады

Канвон-2024: Қазақстандық атлеттер Олимпиадаға қашан аттанады

15 қаңтар күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім еткендей, шара барысында конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысханға Көк туымыз табысталып, спортшылар ант береді. Табысталған туды Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында ұстап шығады.

Жиынға ҚР Туризм және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары, спорт ардагерлері мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатысады.

Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарына Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.

Барлығы бәсеке кезінде 79 мемлекеттен жиналған 1900-ге жуық атлет күш сынасады деп жоспарланған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
12 қаңтар 2024 ж. 98 0