Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, Ол АҚШ-тың Техас штатындағы Розенбергте өткен турнирде қарсыласы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын жар­қын жеңісімен құттықтады.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ын­та­ландырады. Сізге зор ден­саулық, бақ-береке тілеймін. Же­ң­істен жеңіске жете беріңіз!» деп жазды Мемлекет басшысы «Twitter» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кету керек, кәсіпқой бокс­шы Ж.Әлімханұлы осыған де­йін рингте 15 жекпе-жек өткі­зіп, барлығында жеңіске жеткен. Отандастарымызға қуа­ныш сыйлаған жеңісінен кейін жур­налис­терге берген сұхбатында «Qa­zaq Style» стилін тарихта­ қалдырғысы келетінін айтты. Спорт­шы орта салмақтағы әлем­нің абсолютті чемпионы болуды көз­дейді.

– Бұл жолы жеңіске жете­ті­німе кәміл сендім. Өйткені да­йын­дығым жақсы болды. Оның үстіне маған қолдау білдірген қазақстандықтардың тілегінен шабыт алдым. Қазақ бокс мектебінің атын әлі талай жақсы жағынан шы­ғара­мыз,– деді ол.

«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
17 қазан 2023 ж. 308 0