Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Азия ойындары – 2023: Қазақстан қоржынына 10-алтын медаль түсті

Азия ойындары – 2023: Қазақстан қоржынына 10-алтын медаль түсті

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.

Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.

"Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті", - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.

"Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі",- дейді спортшы қыз.

Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.



08 қазан 2023 ж. 500 0