Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұқан финалға жолдама алды

Әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұқан финалға жолдама алды

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (92 келі) финалға жолдама алды.

Ел құрамасы сапында Алматы қаласының атынан сынға түсіп жатқан Ризабек Айтмұқан дүбірлі дода барысында өзін жақсы қырынан таныта білді.

Ол қазірге дейін төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алдымен венгриялық Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түсті.

Енді ол финалда Осман Нурмагомедовпен кездеседі.

Ел құрамасынан Мейрамбек Қартбай (57 келі) жартылай финалда жапониялық Рей Хигучиге есе жіберіп қойды. Ол енді 3-орын үшін сынға түседі. Жеңіске жеткен жағдайда қола жүлдемен бірге 2024 жылғы Париж Олимпиадасына берілетін жолдамаға ие болады. Жеңілген жағдайда 5-орын үшін сайысып, Олимпиадаға берілетін тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге таласады.

17 қыркүйек 2023 ж. 573 0