Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында Азия біріншілігін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы бірде-бір қателікке жол бермей, алты мүмкіндіктің бәрін сәтті пайдаланды. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан спортшы қоссайыс сомасында 400 келіні көтерді.

Алғашында 181 келі салмақпен жарыста екінші орын алып, кореялық Йонхак Янгтан бір келіге артта қалды. Содан кейін Әділетұлы 219 кг штанганы көтерді.

Ауыр атлетикадани Қазақстан құрамасы осы турнирден алғашқы медальге ие болды. Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.
12 мамыр 2023 ж. 187 0