Ильин бұрынғы бапкері Ни мен әріптестері туралы пікір білдірді
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бұрынғы бапкері Алексей Нимен қарым-қатынасы және достары мен әріптестерінің “допинг дауын” қалай қабылдағаны туралы пікір білдірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Алексей Нимен жазысып тұрамыз, бұрынғы таныстар секілді араласамыз. Менің әрі қарай спортты жалғастыратыным жөнінде айтқанын естідім. Көп рақмет, қуаныштымын. Біз онымен бұрыннан таныспыз. Ол Қазақстанның ауыр атлетикасын көтеру үшін көп жұмыс істеді, қиын сәтте бұл спорт түрін дамытты. Мен үшін де көп нәрсе істеді. Оған алғыс айтамын”, - деді Илья Ильин.Сонымен бірге ол “допинг дауын” достары мен әріптестерінің қалай қабылдағаны туралы айтты.
“Достарым да, әріптестрім де мен туралы ешқашан жаман сөз атпайды, айтқан да емес. Мен бұған сенімдімін, себебі біз тұғырда не болатынын білеміз. Бәріміздің жағдайымыз бірдей, адал жұмыс істейміз. Әділ жолмен жеңіске жетеміз. Біздегі балалар мені сыйлайды. Барлығы да - кәсіби спортшылар. Кездескен қиындықтарымен, оқиғаларымен бөліседі. Спортта спортшыларға деген зор құрмет бар”, - деді спортшы.Назерке Абибулла