Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қазы бағасы қанша

Қазақстанда қазы бағасы қанша

Қазы — қазақ дастарханындағы ең негізгі жеңсік ас. Бағасы өңірге, еттің майлылығына және оны дайындау әдісіне қарай өзгеріп отырады. Kazinform агенттігінің тілшісі қалалардағы бағаны салыстырды. Кaz.inform.kz

Еліміздің солтүстігінде және оңтүстігінде баға төмен. Петропавлда қазының келісі 3 400 теңгеден басталып, 5 500 теңгеге дейін жетеді. Ал Павлодарда келісі 3 800 — 4 500, Түркістанда 3 800 — 4 000 теңге аралығында.

Қызылордада келісі 3 800 теңгеден, ал Астана мен Қонаевта 4 000 теңгеден басталады.

Еліміздің орталығы мен батысында баға жоғары. Қарағандыда қазының келісі 3 900–4 500 теңге, Жезқазғанда — 4 000–4 500 теңге, ал Ақтөбеде — 4 500–5 500 теңге аралығында.

Атырау қаласында баға 4 200 — 4 500 теңге аралығында болса, Орал мен Өскеменде 4 500 — 4 900 теңгеге сатылып жатыр.

Баға ірі қалалар мен соған жақын орналасқан өңірлерде жоғары болып тұр. Ақтау қаласында қазының келісі 5 500 теңге, Семейде 5 000 теңге.

Көкшетауда қазының келісі 6 700 теңге болса, Талдықорғанда 4 500 теңгеден басталып, 7 000 теңгеге дейін жетеді.

Алматыда қазының келісі 3 400 теңгеден басталып, кей ет дүкенінде 8 500 теңгеге дейін жетеді.

Ет дүкендері сатушыларының айтуынша, қазіргі кезде қақталған қазы да сұранысқа ие. Дәмі ерекше әрі ұзақ уақыт сақтауға болады. Ірі мегаполис пен туристер көп келетін өңірлерде жаңа ғана айналдырған қазыға қарағанда қақталған өнім өтімді.




04 қаңтар 2026 ж. 55 0