Енді Түркістан өңірінде табиғи шырын мен балалар тағамы шығарылады
Түркістан облысында жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды, жеміс пюресі, алма ұнтағы, сондай-ақ балалар тағамына арналған өнімдер шығарады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. KAZINFORM Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және отандық шикізаттың қосылған құнын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде ондаған инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Осы ретте Түркістан облысының Түлкібас ауданында алма және өзге де жемістерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын 100 пайыз табиғи, қоспасыз шырын, жеміс пюресі, алма ұнтағы, сондай-ақ балалар тағамына арналған өнімдер шығаруға бағытталған.
«Түлкібас жеміс-жидектері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі заманауи өндіріс стандарттарына сай келеді және Қытайдан жеткізілген жаңа автоматтандырылған жабдықтармен жарақтандырылған. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 5 мың тоннаға дейін алма өңдеуге мүмкіндік береді.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform











