Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестеріміз ауыр атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды

Жерлестеріміз ауыр атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды

Қоржынымызда 3 медаль. Оның біреуі – алтын. Дәл қазір Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс жерлетсеріміз үшін сәтті басталды. Алғашқы күндері  Нұрасыл Арапбай мен Дарья Балабюк өз салмақ дәрежелерінде кіші қоладан жеңіп алды. Бірақ қоссайыс қорытындысы бойынша, үздік үштікке ілікпеді. Артынша 73 келідегі Ерасыл Сәулебеков алдына жан салмай, әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 137, ал серпе көтеруде 168 келіні бағындырды. Әйелдер арасында орта салмақта өнер көрсеткен Таисия Алексеева да мүмкіндіктерін ұтымды пайданалып, жарыс қорытынысы бойынша, күміс жүлдеге қол созды. Кейін оның жеңіс жолын Нұрдос Сабыр жалғады. Ауыр салмақтағы жерлесіміз қос жаттығуда, сәйкесінше 145 және 176 келіні басынан асырды.

Әлем чемпионаты әлі бірер күн жалғасады. Сәйкесінше қоржындағы медальдар саны артуы мүмкін.

Айта кетейік, дүниежүзілік додаға 57 елден 268 спортшы жиналды.
30 наурыз 2023 ж. 187 0