Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарын қадірлеген ел озады

Қарттарын қадірлеген ел озады

Тарихы бай, талай танымал тұлғалар шыққан Шаған ауылында осы аттас шаруашылықтың ұйымдастыруымен аудан ардагерлері арасында бильярдтан жарыс болып өтті.

Жұртшылық арасында ақсүйектер ойыны аталатын бұл спорт түрін ардагерлеріміз жақсы меңгерген, шеберліктері шыңдалған. Өз кезегінде спорт – денсаулық кепілі.

Аудандық жарысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, Шаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Атақаев, «Шаған-Жер» ЖШС директоры Ж.Сыздықов ашты.

Үш жылдан бері шаруашылықты бас­қа­ратын Жеңісбек Шәкімбайұлы, ауыл әкі­мі, кент әкімі, аудандық әкімдіктің бөлім басшысы қызметтерінде шыңдалған іскер аза­мат. Қазіргі таңда өзі туып өскен мекенде шаруашылықты басқарып, ауылын­ дамытуға бар күш-жігерін жұмсап ке­леді. Жақында өткен «Алтын дән – 2022» қоры­тын­дысы бойынша шаруашылық ұжымы­ның 70 пайызы ынталандырылған. Бұл ең­бекке деген ерекше сүйіспеншілікті тудырады. Шаруашылық күшімен ескі ғимаратты 10 млн теңгеге күрделі жөн­деуден өткі­зіп, мәдени-демалыс орталығы етіп жаб­дықтаған. Онда ардагерлер бөлмесі, бильярд залы, жеке стоматологиялық ор­та­лық, бір кәсіпкерлік нысан және қонақ үй орналасқан. Бұдан бөлек, ауылда балалар алаңы, жылыжай салынып, банкомат орнатылған. Ауылда осындай кәсіпкерлікті дамытуға оң бағыт ұсталып отыр. Жігерлі басшы биылғы жылдың қорытындысында ҚР Білім және Ғылым министрінің «Үздік еңбекке орналастырушы басшы» деген номинацияны жеңіп алды. Сондай-ақ Жеңісбек Шәкімбайұлы мемлекеттік тілге де ерекше қолдау білдіріп келеді.

Шаған мәдени-демалыс орталығында өткен аудандық бильярд жарысына көп­теген ауылдардан ардагер спортшылар­ қатысты. Турнирде 14 жұп (28 спортшы) сайысқа түсті. Жарыс ертеңнен кешке дейін созылды. Олимпиадалық жүйемен ұйымдастырылған жарыста ақтық сайысқа «Шаған – 3» жұбымен ақжармалықтар кездесті. Бұл тартысты бәсекеде алаң ие­лері басым түсіп, кубокті және бірінші дә­режелі дипломды жеңіп алды. Екінші орынды ақжармалық Құдайберген Шыманов пен Бүркітбай Мұстапаев қанжығаға байлады. Үшінші орынды тереңөзектік Төлеу Сүлейменов пен Байырбек Әмірбеков ие­ленді. Жеңімпаздар мен барлық қаты­су­шыларға ақшалай сыйлық табысталды.

Аудан ардагерлерін шаруашылықтың бү­­гінгі тынысымен таныстырып, олардың батасын алуға арналған маңызды іс-шара тартымды өтті. Оның қорытындысында те­рең­өзектік еңбек ардагері Марат Сақтапов көпшілікке ақжарылқап бата берді.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ
31 желтоқсан 2022 ж. 403 0