Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер шықты сайысқа

Ардагерлер шықты сайысқа

Адамның негізгі байлығының бірі денсаулық. Көбінесе адамдар салауатты өмір салты туралы денсаулығынан айырылған соң ойлай бастайды. Денсаулықты жақсартуға әртүрлі спорт түрлерімен тиянақты айналысудың маңызы зор екендігін көпшілік біледі, бірақ мән бере қоймайды. Ардагерлердің спортпен айналысуы үшін кенттегі “Достық үйі” шахмат, тоғыз құмалақ тақталарымен қамтамасыз етіліп, бильярд үстелі орнатылған. Сонымен қатар жыл бойына әртүрлі спорттық шаралар өткізу жоспарланған.

Ауылымызда жастарға үлгі өнеге көрсетіп жүрген ардагерлер көптеп саналады. Аптап айтқанда жасы тоқсаннан асқан Рахымжан Бәйменов шахмат, бильярд ойындарының хас шебері. Ал аудандық аурухана ардагерлері Сейтхан Дәужанов балықшы болса, Жақсылық Байманов мергендер сайысында облыстық біріншілікте ІІІ орынды жеңіп алды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ардагерлер арасында бірнеше спорттық шаралар өткізілді.

Желтоқсан айының 2-ші жұлдызында Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесі (төраға З. Жүсіпбайұлы) мен спорт клубының ұйымдастыруымен үстел тенисінен жарыс өтті. Қимылы ширақ ардагерлер өзара сайысып, кент жеңімпазын анықтады. Ардагерлер Нұрлан Күзебаев, Шаһарбек Нұрсейітов, Серік Байдәуелтов, Ауданбай Үсенбаев және Байырбек Әмірбековтер ерекше ойын өрнектерін көрсетті.

Тартысты өткен жарыста колледж ардагері Бақытжан Мәмбетов жеңімпаз атанды. Жарысқа Жұмабек Дәрменов төрешілік жасады.

9-шы желтоқсан күні ардагерлер арасында шахматтан іріктеу жарысы өтті. Қызықты өткен жарыста ардагерлер Рахымжан Бәйменов, Рахым Раимов, Айтжан ,Исабай Жусупов, Қайрулла Жүсіпбеков шеберліктерін көрсетті. Шахматтан болатын облыстық жарысқа ардагерлер Жеңісбек Омаров пен Мектепхан Елеусіновтер жолдама алды.

Ардагерлер арасында шахматтан облыстық жарыс 13-ші желтоқсан күні өткізілді. Аудандар мен олыс орталығынан 40-тан астам ерлер, 15-тей әйелдер қатысты.Жарыс нәтижесінде М. Елеусінов 2-ші орын алса, Жеңісбек Омаров Қызылордалық Александр Киммен 3-4 орын бөлісті. Әйелдер арасында дойбы жарысына Қалжан ахун ауылынан Құлмағанбетова Рыскүл қатысып, жақсы ойын көрсетті. Командалық есепте Сырдария ауданының ойыншылары 4-ші орынға ие болды
.


Ш.НҰРСЕЙТОВ
21 желтоқсан 2022 ж. 443 0