Сырдариялық спортшылар республикада жүлделі болды

Ептілік пен жылдамдықты талап ететін бұл спорт түрімен сырдариялық спортшылар тұрақты түрде айналысып келеді. Күні-түні дайындық жүргізетін хоккейшілер осы кезге дейін бірнеше шет мемлекеттерде аудан, облыс, республиканың мерейін тасытты. Индор хоккейді дамыту облыс көлемінде жолға қойылған. Бұның айқын дәлелі – сырдариялық спортшылардың жарқын жеңісі.
Алатау бөктерінде жалауын көтерген байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша ерлер командасы ІІІ орынды жеңіп алса, қыздар командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс сырдариялықтардың индор хоккейден мықты екендіктерін дәлелдей түсті.
Жүлделі орындарымен көгалдағы хоккейден жəне индор хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландинді және спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!