Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Екі алтын, бір күміс, бір қола

Екі алтын, бір күміс, бір қола

Жақында Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрінен ересектер, жастар жә­не жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өткізілген болатын. Құрлықтық жа­рысқа 12 мемлекеттен келген 200-ге жуық тоғызқұмалақшы қатысты. Байрақты бәсе­кеде Сыр спортшылары да бақ сынап, жүл­делі орындарға ие болды.

– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған Азия чемпионаты жоғары дәрежеде өтті. Сыр өңірінен құрылық­тық жарысқа 18 спортшы барды. Бірнеше күнге созылған чемпио­натта сәттілік серігіміз болды. Аудан, облыс мерейін тасытқан спортшылар айрықша қолдауға лайық, – дейді тоғызқұмалақ ұлттық спортының жаттықтушысы Білімжан Елеусінов.

Айта кетейік, Сыр спортшылары аталған жарыста 2 алтын, 5 күміс, 4 кола медаль еншіледі. Өз кезегінде сырдариялық Бексұлтан Бостандықов ересектер арасында ІІ орын, жас­өспірімдер арасында Айым Ақылбек пен Мөлдір Жандарбек І орын және Нұрила Мектепхан ІІІ орын иеленді.

Аймақ намысын қорғаған спортшылар арасынан сырдариялық өрендер толағай табысқа қол жеткізді. Негізінен, Азия чемпионаты тоғызқұмалақтың классика, рапид, блиц түрінен өткізілді. Ұшқыр ой мен тапқырлығының арқасында шеберлік байқасқан спортшылар ел абыройын көтерді. Тоғызқұмалақ ұлттық ойынының әлем елдеріне насихаттай білген ұйымдастырушылар өзге мемлекеттерден келген спортшылардың ерекше құрметіне бөленді.


Балтабай ОРДАБЕКОВ 

21 желтоқсан 2021 ж. 628 0