Сырдариялықтар чемпион атанды
Қызылорда қаласы, "Евразия" спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен «Оrda "zhekpe-zhek championship» атты Халықаралық турнир өтті.
Сырдариялық Ерасыл мен Бейбітжан және Мағжан бауырларымыз бүгінгі ММА-дан чемпион атанды.
Сырдариялық жас спортшылардың Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде өткен бүгінгі жетістігіне мың алғыс!
Бұл мақтау немесе мақтану үшін емес.
Әрине, алдымен спортшы мен бапкердің төккен тері текке кетпегеніне һәм қоржындағы жүлденің ризығына қарап бағамдайсың.
Бұл дегеніміз – үйдегі тақым қысқан ата-ана мен ел тілегенің қабыл болғаны.
Осы жаңа ғана жеткен жаңалықтардың өзі ел мерейін асырып, спортшылардың мәртебесін арттырғаны айдан анық.
Өзі жігітті шыңдайтын әрі Отанға деген сезімі мен сенімін арттыратын екі сала болса, бірі – әскери өмір, екіншісі дәл осы спорт. Демек, жас ұрпақты шыңдап, шымыр қылатын спорт саласы екені сөзсіз. Осындай спортқа құштар Ерасыл, Бейбітжан мен Мағжанға айтар алғысымыз шексіз!
Сырдариялық жерлестері барып, тілектестіктерін білдіріп, спортшыларға рухани қолдау білдірген болатын.
Жас спортшыларымызға спорттың ең биік шыңы бұйырсын, алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!
Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы