Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістігі көп жас спортшы

Жетістігі көп жас спортшы

Ауданда жастар арасында спортқа деген құлшыныс жоғары. Содан да болар бүгінде спорт шеберіне үміт­керлікті 10-11 жасында алып жатқандар бар. Атап айтқанда те­рең­­өзектің Мадияр Дастанов жа­қын­да ғана спорт шеберіне үміт­кер атанды.
Мадияр аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде 5-сыныпта оқиды. Ол 5 жасынан бастап спортты жанына серік етіп, дзюдомен айналысып келеді. Ерте жастан шыныққан жасөспірім шымыр болып, түрлі додаларға қатысып жүр. Жарыстардан жүлдегер атанып, 5 жылдан аса уақыт осы спорттан жетістікке жетуде. Мадияр өткен жылға дейін аудан орталығындағы спорт кешенінде жаттықса, қазіргі таңда жаңадан ашылған «Мансұр» спорт клубында шынығуда. Оны дзюдаға жаттықтырушы Шоқан Уәли­ха­нов баулуда.
– Мадиярдың спортқа деген талпынысы жақсы. Үнемі жаттығудан қалмайды. Соның нәтижесінде жетістікке же­туде. Жақында ауданға қарасты Бесарық ауылында «Абай-Дәулет» ЖШС жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтті. Сол жарыста 32 келі салмақта І орынды жеңіп алып, спорт шеберіне үміткер атанды. Бұл – жақсы жетістік, – дейді жаттықтырушысы.
Он жасында спорт шеберіне үміткер болған Ма­диярдың ата-анасы Жасұлан мен Перизат оның бола­шағынан зор үміт күтеді.

Е.ЖАППАРБЕК
09 сәуір 2022 ж. 719 0