Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Республикасының чемпионы өз таңдауын жасады

Қазақстан Республикасының чемпионы өз таңдауын жасады

Кезектен тыс Президент сайлауында аудан тұрғындарымен бірге сырдариялық спортшылардың белсенділігі жоғары. Олар сайлау учаскелеріне командамен барып, өз таңдауларын жасап жатыр. Олардың қатарында жаттықтырушылар да бар. Осы ретте, Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Қалжан ахун ауылының тұрғыны, 126 орта мектептің мұғалімі Мұрат Бөдеев те саяси науқанда белсенділікпен өз таңдауын жасады.

– Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жарқын қадамға жол бастаудамыз. Соған орай ел тізгінін ұстар Президентті таңдап алсақ, алдағы болашаққа деген сенім зор. Оның ішінде, спортшыларды қолдауға айрықша көңіл бөлінетініне сенімдімін. Сондықтан жұртшылықты осындай маңызды сайлауда белсенді болуға, ел келешегіне немқұрайлы қарамауға шақырамын, – дейді Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Мұрат Бөдеев.

Айта кетейік, спортшы жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізілетін Президенттік көпсайыстың жарыстарына үздіксіз қатысып келеді. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеп, олар да жетістіктерге жетуде. Атап айтқанда жақында ғана аудан намысын қорғаған шәкірттері мерей тұғырынан көрінді.
20 қараша 2022 ж. 436 0