Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас Нұрсұлтан - жарыстың жеңімпазы

Жас Нұрсұлтан - жарыстың жеңімпазы

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде облыстық мүгедектер қоғамының басшысы Сиюов Сағатбектің ұйымдастыруымен аймағымызда алғаш рет “Арбамен марафон” атты облыстық спорт жарысы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру болып табылады.

Марафонға облыс бойынша 30-дан аса арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар қатысты. Марафон қашықтығы 100 метрді құрады. Марафонға қатысушылар 3 категория бойынша күш сынады.

Аталған облыстық спорт жарысына Сырдария ауданынан тереңөзектік Шырынхан Нұрсұлтан Ғазизұлы қатысып, 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер бойынша жүлделі II-орын иемденді.

Сырдариялық жас жеңімпазға арнайы диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

Біздің мақтанышымыз Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтай келе, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз. Әрдайым жетістіктерге жетіп, биіктерден көріне бер!

Арнайы Тереңөзек Кенті Әкімдігі әлеуметтік қызметкері Аида Умурзаковаға алғыс білдіреміз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

14 қараша 2022 ж. 294 0